Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Медаль куәлігімен

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Төсбелгі куәлігімен бірге.
Жазушы Әли Ысқабайға тиесілі. Куәлік 1970 жылғы 10 сәуірде В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай берілген «Ерен еңбегі үшін» мерейтойлық медаліне қоса тапсырылған. Құжат иесінің аталған мерейтойлық медальмен марапатталғанын растайды.
Куәлік ақ-сары түсті қатырма қағаздан жасалған, екі бетті, кітапша түрінде бүктелетін үлгіде орындалған.
Мерейтойлық медаль сары түсті металдан жасалған, дөңгелек пішінді. Алдыңғы бетінде В.И. Лениннің өмір сүрген жылдары - 1870-1970 белгіленген, ортасында В.И. Лениннің басының бедерлі бейнесі орналасқан. Медальдің жоғарғы бөлігі қызыл түсті муар таспамен қапталған бесбұрышты тағанға бекітілген. Артқы жағында кеудеге тағуға арналған түйреуіш бекітпесі бар.

Мерзімделу кезеңі: 1970 г.
Материал: Қағаз, Металл
Техника: Басу, Қалыптау
Санат: Фалеристика
Scroll to Top