Куәлік төсбелгісімен
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Мерейтойлық төсбелгі куәлігімен бірге.
Қаламгер Әли Ысқабайға тиесілі. Құжат иесінің 2022 жылғы 12 желтоқсанда «Қаратал» газетінің 90 жылдығына орай мерейтойлық төсбелгімен марапатталғанын растайды.
Куәлік көк түсті қатырма қағаздан жасалған. Сыртқы бетінде Қазақстан Республикасының картасы бейнеленген.
Төсбелгі алтын түсті металдан жасалған, дөңгелек пішінді. Алдыңғы бетінде «Қаратал газетіне - 90 жыл», «1932-2022» деген жазулар және журналистика саласының нышаны болып табылатын қауырсын қалам мен сиясауыттың бедерлі бейнесі орналасқан. Артқы бетінде Қазақстан Республикасының картасы мен күннің бедерлі бейнесі қашалып түсірілген. Төсбелгінің жоғарғы бөлігі Қазақстан Республикасының Туы түрінде безендіріліп, онда күн мен қыранның бейнесі бейнеленген. Артқы жағында кеудеге тағуға арналған түйреуіш бекітпесі бар.