Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Жағылан

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қазақ халқының үй жиһазы - сандықтың бір түрі. Қазақ даласында ХVІІІ-ХІХ ғғ. кең тараған. Киім- кешек басқа да бұйымдарды ішіне салып қоюға арналған. Үлгісі әбдіре тәрізді. Оның негізі жұқа тақтайлардан құрастырылады, сырты түгелдей былғарымен қапталады, бет жағы ғана әр түрлі әдіспен көркемделеді. Көбіне ауқатты отбасларында ұзатылатын қыз жасауына арнайы тапсырыспен жасалатын болған. Тіктөртбұрышты сандықтың топса арқылы негізгі корпусына бекітілген ашпалы қақпағы бар. Ағаш қаңқасының сыртқы беті мал терісімен тұтастай қапталған. Теріге ою-өрнектер бастырылып, металл пластиналар бекітілген. Қақпағына құлып ілуге арналған темір ілгек салынған.

Мерзімделу кезеңі: ХІХ в.
Материал: Ағаш, Металл
Техника: Бедерлеу, Соғу
Өлшемі: 45х25х80 см
Санат: Этнография
Scroll to Top