Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Ұршық

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Ұршық - жіп иіруге арналған көне қолөнер құралы. Әдетте жүннен немесе өсімдік талшықтарынан жіп иіру үшін пайдаланылған. Ұршық ағаштан жасалған, бірнеше бөліктен тұрады.

Негізгі бөліктері:
- Өзек (сабақ) - ұршықтың негізгі ұзынша бөлігі, жіпті айналдырып иіру қызметін атқарады;
- Дөңгелек диск - өзектің жоғарғы жағына бекітілген, тепе-теңдікті сақтауға және ұршықтың айналуын тұрақтандыруға көмектеседі;
- Салмақ (жүк) - өзектің төменгі жағына қорғасыннан жасалып бекітілген, ұршықтың айналмалы қозғалысын жеңілдетіп, жіпті біркелкі иіруге мүмкіндік береді.

Ұршықпен иірілген жіп кейін киіз басу, тоқыма тоқу немесе тігін жұмыстарына қолданылған. Қазақ халқының тұрмысында кеңінен таралған бұл бұйым әйелдердің күнделікті тұрмыс-тіршілігінде маңызды құралдың бірі болған.

Мерзімі: XIX ғ. соңы - XX ғ. басы.
Материалы: ағаш
Өлшемі: 40 х 7 см

Санат: Ағаш
Материал: Ағаш
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

жарамды

Scroll to Top