Бозжигитов Тобаниязға берілген II дәрежелі «Отан соғысы» ордені және орден кітапшасы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жиынтыққа Бозжигитов Тобаниязға берілген II дәрежелі «Отан соғысы» ордені және орден кітапшасы кіреді. Орден бес сәулелі қызыл эмальмен қапталған жұлдыздан және сәуле тәрізді өрнектелген төрт сәулелі жұлдыз негізінен тұрады. Орталық медальонда ақ эмальды фонда алтын түсті орақ пен балға, қою қызыл белдеуде «ОТЕЧЕСТВЕННАЯ ВОЙНА» жазуы бейнеленген. Жұлдыз сәулелері аясында айқастырылған мылтық пен қылыштың ұштары көрінеді. Артқы бетінде №1956973 нөмірі соғылған. Орден кітапшасында марапат иесінің аты-жөні, марапаттау негізі, орден және кітапша нөмірлері, елтаңбалы мөр мен қолтаңба сақталған. Марапат КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1985 жылғы 11 наурыздағы Жарлығымен Ұлы Жеңістің 40 жылдығына орай берілген. Жәдігер тарихи-мемориалдық маңызға ие.
Мерзімі: 1985 жылғы 11 наурыз
Материалы: Қағаз, картон, металл, эмаль
Техникасы: Типографиялық баспа, зауыттық өндіріс, штамптау, эмальдау
Өлшемі: Орден кітапшасы - 9 × 12 см; орден - 46,0 × 44,0 мм; №1956973; кітапша № Ж 233541