Күміс өңіржиек
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Күміс өңіржиек екі жалпақ тақтадан - тікбұрышты және бесбұрышты пішінді бөліктерден тұрады. Негізгі бөліктері дәнекерленген, ұсақ зермен әшекейленген жіңішке металл тілімдер арқылы өзара байланыстырылған. Әр тақтаның бетіне сопақша және тұмсық тәрізді қызғылт түсті сәндік қондырмалар орнатылған. Бұйымның сәндік шешімінде тұмарша сипатындағы өрнектер мен бедерлі әшекейлеу тәсілі қолданылған. Төменгі бөлігіне қосарланған ширатпа шынжыр арқылы салпыншақ-қоңыраулар бекітілген. Бұйым дәстүрлі әйелдер әшекейлерінің күрделі композициялық құрылымын және қазақ зергерлік өнерінің жоғары шеберлігін танытады.
Мерзімі: XIX ғасыр
Материалы: 925 сынамалы күміс, қызғылт түсті сәндік қондырмалар
Техникасы: Қалыптау, бедерлеу, дәнекерлеу, зер салу
Өлшемі: Ұзындығы - 27 см; салмағы - 352 г