Сынапкөзе
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сұр саз балшықтан жасалған сынапкөзе. Қабырғасы қалың, шағын көлемді ыдыс. Аузы тар, мойыны аласа. Ернеуі шығыңқы, дөңес пішінді. Түбі сүйір пішінді. Жоғарғы бөлігі мен бүйірі шеңберлермен және саусақпен жасалған ойықтармен безендірілген. Ыдыс зақымданған.
Мерзімделу кезеңі:
X-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
h - 12,6 см., мойын ұзындығы - 2,1 см., ернеу диаметрі - 2,8 см., тұлға диаметрі - 8,6 см., ауыз диаметрі - 0,8 см.
Санат:
Археология