Сынапкөзе
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сұр саз балшықтан жасалған сынапкөзе. Қалың қабырғалы, шағын көлемді, ауызы тар, аласа мойынды ыдыс. Негізі шар тәрізді, түбі сүйір пішінді. Жоғарғы бөлігі екі шеңбермен өрнектелген. Ыдыс зақымдалған.
Мерзімделу кезеңі:
X-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
Биіктігі - 10,4 см, мойнының ұзындығы (қалпына келтірілген) - 2,2 см, ернеуінің диаметрі (қалпына келтірілген) - 2,6 см, тұлғасының диаметрі - 8,1 см, тесігінің диаметрі (қалпына келтірілген) - 0,7 см.
Санат:
Археология