Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Сынапкөзе бөлігі

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Сынапкөзенің жоғарғы бөлігі. Қабырғалары қалың, мойыны аласа, аузы өте тар, пішіні шар тәрізді, ауыр әрі көлемді ыдыс. Ыдыстың жоғарғы бөлігінде тік орналасқан төрт жапсырма, үлкен қабырға (қыры) бар (ұзындығы - 10,5 см), олардың арасында төрт кіші қабырға (ұзындығы - 5,5 см). Қабырғалар нүктелі мөрлене безендірілген. Олардың орталық бөліктері тарақ тәрізді пішінделген үшбұрыштар мен нүктелер түріндегі оюлармен өрнектелген.

Мерзімделу кезеңі: X-XII
Материал: Керамика
Техника: Керамика техникасы
Өлшемі: h фрагментінің - 15,8 см., мойын ұзындығы - 2,3 см., ернеу диаметрі (қалпына келтірілген) - 2,0 см., тұлға диаметрі - 16,5 см., ауыз диаметрі (қалпына келтірілген) - 0,6 см.
Санат: Археология
Scroll to Top