Құмыра
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ені кең мойынды, қызыл саздан жасалған құмыра, денесі домалақ пішінді және ортасынан кеңейген. Тұтқасы денеден мойынға, жиегінің астына тік бағытта жалғанған. Тұтқасының жоғарғы жағында домалақ өрнегі бар. Сыртқы беті қоңыр ангобпен қапталған. Дененің домалақ бөлігінде, тұтқасы бекітілген жерде, сызық астында толқынды өрнек сызып салынған. Мойынында тұтқасымен теңгерімді орналасқан, иілген сызықтар мен нүктелі басылған ойықтардан тұратын тік өрнек бар. Тұтқасы жапсырмалы қолмен жасалған. Түбі мен дененің бір бөлігінде күйе жағылған.
Мерзімделу кезеңі:
Х-XII ғғ.
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
Биіктігі - 20,8 см., тұтқасының ені - 2,7 см., ернеуінің диаметрі - 17,0 см., тұтқасының ұзындығы - 10,5 см., тұлғасының диаметрі - 22,7 см., түбінің диаметрі - 9,0 см.
Санат:
Археология