Табақ
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қызыл саздан жасалған табақ. Дөңгелек тәрізді пішінде, шеңберлі түбіне орнатылған. Табақ жиегі сәл ғана ішке қарай қайырылған. Ішкі беті ақ ангоб үстіне жағылған ақ түсті күңгірт шыңылтырлы. Орталық бөлігінде қоңыр түспен орындалған, шыны тәрізді өрнек орналасқан. Ернеу маңында екі жерде қоңыр түсті сызықтар мен иректерден тұратын өрнек салынған. Қол шарықта жасалған.
Мерзімделу кезеңі:
VI-ХII ғғ.
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
Биіктігі - 6,5 см., ернеуінің диаметрі - 24 см., түбінің диаметрі - 8 см.
Санат:
Археология