Құмыра
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Тар мойынды құмыра, қызыл саздан жасалған, беті қоңыр ангобпен қапталып жылтыратылған. Денесі шар тәрізді, орта тұсы томпайып келген. Мойыны цилиндр пішінді, созылыңқы, жиегі сыртқа қайырылған. Тұтқасының бір ұшы ернеуге, екінші ұшы иық бөлігіне бекітілген. Мойынының төменгі бөлігінде екі айналдыра сызық жүргізілген. Денесіне сопақша және үшбұрыш түріндегі ойма өрнек салынған. Өрнектер штрихталған сызықтармен аяқталған. Түбі жалпақ.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII ғғ.
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
Биіктігі - 17,5 см., түбінің диаметрі - 5,8 см., тұтқасының биіктігі - 10,0 см., ернеуінің диаметрі - 5,0 см., тұлғасының диаметрі - 12,5 см., тұтқасының ені - 2,2 см., мойнының ұзындығы - 7,5 см.
Санат:
Археология