Қазан
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қызыл балшықтан жасалған қазан шар тәрізді. Ернеуі айқын емес, дөңгелектенген. Ыдыстың дөңес сыртқы қабырғасында 5 сызық жүргізілген. Бүйір қабырғасында негізінде саусақ іздері бар, бір көлденең тұтқа сақталған. Қарама-қарсы жағындағы тұтқа қалпына келтірілген. Ыдыстың бір бөлігі күйемен қапталған. Жасалу тәсілі аралас: жоғарғы бөлігі қол шарықта, ал төменгі бөлігі қолмен қалыпталған. Түбі дөңгелек, дөңес.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII ғғ.
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы, Пішіндеу
Өлшемі:
Биіктігі - 20 см., тұтқасының ені - 7,5 см., ернеуінің диаметрі - 19 см., тұтқасының биіктігі - 3,5 см., тұлғасының диаметрі - 33 см.
Санат:
Археология