Шырағдан тірегі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шырағдан тірегі жақсы иленген, ашық қоңыр түсті, ұсақ құм бөлшектері аз мөлшерде араласқан тығыз саздан жасалған. Беті жасыл сыр қабатымен қапталған. Табанның пішіні - тамшы тәрізді, бетінде рельефті өрнек бар. Шеттері нүктелі өрнекпен безендірілген, орталық бөлігінде қазақтың ұлттық өрнегі мен үш жапырақшаға тарамдалған сабақты бейнелер орын алған.
Мерзімделу кезеңі:
XI-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Жылтырату
Өлшемі:
Ені - 4,3 см, ұзындығы - 6,4 см.
Санат:
Археология