Сынапкөзе
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сұр саз балшықтан жасалған «балық» пішініндегі сынапкөзе. Қалың қабырғалы, мойыны аласа, аузы тар, ернеуі шығыңқы көмкерілген ыдыс. Денесі шар тәрізді, түбі сүйір пішінді, төменгі бөлігі ұзындығы 6,5 см. болатын балықтың құйрығы тәрізді аяқпен аяқталады. Бұйым көлемді және ауыр. Ыдыстың жоғарғы бөлігінде тік бағытта орналасқан үш жапсырма (шығыңқы) қабырға бар: біреуі ұзын - 12 см., екіншісі қысқа - 10,5 см. Ыдыс беті бай өрнекпен безендірілген: шырша тәрізді мөрленген, шеңберлі ойықтар (қабыршақ тәрізді), көлбеу нүктелі сызықтар және үшбұрышты мөрленген.
Мерзімделу кезеңі:
X-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
Биіктігі - 23,3 см., мойын ұзындығы - 3,0 см., ернеу ұзындығы - 3,4 см., тұлға диаметрі - 13,4 см., ауыз диаметрі - 0,7 см.
Санат:
Археология