Белдік қапсырма
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Домалақ пішінді белдікке арналған қапсырма, ортасында дөңгелек өтпелі тесігі бар. Үшеуі симметриялы орналасқан, диаметрі 0,7 см., биіктігі 0,4 см. болатын үш бүршікшесі бар. Әр бүршікшеде төрт дөңгелек ойық бар. Бүршікшелер бір-бірінен трапеция тәрізді үш пішінмен бөлінген, олардың бетіне қаралау әдісі арқылы өрнек түсірілген. Артқы жағында бір бүтін және екі сынған ілгектің фрагменттері сақталған. Бетіндегі ойықтарға қарағанда, бұйым көлемді мөрлеу әдісімен жасалған.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII
Материал:
Қола
Техника:
Металл өңдеу
Өлшемі:
Диаметрі - 3,0 см, тесік диаметрі - 1,0 см.
Санат:
Археология