Кілем
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Түкті кілем. Көліне екі қатар етіп сегіз бұрышты табақ өрнегі терілген, екі суы, бір қорғаны бар, екі шеті шашақты күрең-қызыл кілем. Ортасындағы табақ өрнегінің іші ақ, қызыл түсті төрт бөлікке бөлініп, төртбұрыш, балдақ өрнектері салынған. Табақтардың аралықтарына және қолтықшаларына қосмүйіз өрнектері салынған шаршы өрнектелген. Кілемнің жиегіне иттабан өрнегінен екі қатар су жүргізіліп, арасындағы қорғанына тұмарша өрнегі айнала тізбектелген. Кілемнің кенересі айнала түксіз тоқылып, желі жібінен қысқа шашақ шығарылған. Қызылорда облысы.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғ. 2-жартысы.
Материал:
Жүн
Техника:
Өрмек тоқу
Өлшемі:
142х262 см.
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары