Шаңырақ
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шаңырақ - киіз үйдің төбесіндегі дөңгелек ағаш бөлік.
Бұл бұйым берік әрі майысқақ қарағаш ағашынан жасалған. Ағашты иіп, буға балқыту мен тезге салу арқылы алдымен сыртқы дөңгелек шеңбері (тоғыны) қалыпқа келтірілген. Содан кейін тоғынның ішкі жағына дөңестеле айқастырылатын ағаш тораптар - күлдіреуіштер орнатылып бекітілген, сыртқы жиегінен уықтардың қаламы сұғылатын арнайы көздер ойылған. Ал сүйектің беріктігін арттырып, бөлшектерді қозғалмастай етіп бекіту үшін шикі қайыс пайдаланылған.
Шаңырақтың күлдіреуіштерінің үстінен өрнекті екі бау (басқұр) айқышталып (X тәрізді) тартылған.Түрлі-түсті жүн шашақтар айқышталған баулардың бойына, шаңырақтың орталық бөлігіне және оның айналасындағы шеңбердің жиектеріне теңдей қашықтықта байланған.