Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Саптыаяқ

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Өрнектелген бұйымның денесі ұзынша, жіңішке, жоғарғы бөлігі кеңейіп, түбіне қарай біртіндеп тарылады. Түбі қабырғаларынан шығыңқы орналасып, дискі тәрізді алаңша түзеді. Алаңшаның шеттері қиғаш ойықтармен безендірілген. Бір үлкен ілмек тәрізді тұтқасы бар, тұтқа орта тұсынан бастап бұйымның қабырғасына жанасады. Тұтқаның сыртқы бетінің орталық бөлігінде оны бұйымның қабырғасына біріктіру барысында шебердің саусақтарынан қалған екі із байқалады. Денесіне екі көлденең жолақ түсірілген. Беті қою сұр түсті ангобпен қапталған.

Мерзімделу кезеңі: Х-ХІІ
Материал: Керамика
Техника: Керамика техникасы
Өлшемі: Биіктігі - 17 см, түбінің диаметрі - 8 см.
Санат: Археология
Scroll to Top