Суқұйғыш
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сфера тәрізді тұлғасы, жалпақ түбі және жоғары қарай созылған шүмегі бар өрнектелген бұйым. Тұлғасының екі жағында бірдей сәндік композициялар орналасқан. Олар белгілі бір кеңістікті шектейтін үлкен доғадан тұрады. Әр композицияның төменгі бөлігінде толқынды көлденең сызық, ал ортасында шағын дөңгелек дөңес орналасқан. Тағы бір осындай дөңес тұтқаның астында, қалғандарымен шамамен бір деңгейде орналасқан. Барлық сәндік элементтер жапсырмалау тәсілімен орындалған. Шүмегінің қабырғалары түзу, аузы сәл кеңейген, сыртқы жағында доға тәрізді ойығы бар. Беткі қабаты ашық қоңыр түсті.
Мерзімделу кезеңі:
Х-ХІІ
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
Биіктігі - 14 см, тұлғасының диаметрі - 20 см, шүмегінің диаметрі - 5 см, түбінің диаметрі - 9 см.
Санат:
Археология