Табақша
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қызыл саздан жасалған, конус тәрізді пішінді, табақша тәрізді тұғырға орнатылған тостаған. Беті қоңыр және жасыл түсті геометриялық әрі өсімдік тектес өрнектермен (жүзім сабағы) көмкерілген сары түсті глазурьмен қапталған. Сыртқы бетінің ернеуінің астында қоңыр түсті қиғаш штрих тәрізді сызықтардан тұратын жолақпен безендірілген. Бұйым қол шарықта жасалған.
Мерзімделу кезеңі:
Х-ХІІ
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
Биіктігі - 9,0 см, ернеуінің диаметрі - 23 см, түбінің диаметрі - 7,8 см.
Санат:
Археология