Белгісіз бұйым
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Дөңгелек пішінді, екі жағында жартылай сфера тәрізді ойықтары бар. Ойықтар аймағында бетін жылтыратып өңдеген. Бүйір қабырғалары екі жолақпен әшекейленген, олардың ішінде қысқа, қиғаш орналасқан қос сызықтар зигзаг тәрізді бейне қалыптастырады. Пайда болған үшбұрыштардың ішінде қалып бұрышымен жасалған ойықтар орналасқан. Әр жолақтың шегінде бұл ойықтар үшкір ұштарымен бір-біріне қарама-қарсы бағытталған. Жолақтар арасындағы, сондай-ақ бұйымның бір шетінде жиі орналастырылған, горизонталь бағытталған, қалып бұрышымен жасалған шағын ойықтардан тұратын сызық бар. Бетіндегі түсі қоңыр.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
Диаметрі - 17,5 см, биіктігі - 4,5 см.
Санат:
Археология