Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қазан

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Шар тәрізді, сәл жалпақтау қазан. Жоғарғы бөлігінде кеңейіп, түбіне қарай біртіндеп тарылған. Ыдыстың ернеуі сүйірленіп келген. Ыдыстың екі тұтқасы болған деп пайымдауға болады: бір тұтқасының ізі, екіншісінің бір бөлігі сақталған. Жоғарғы бөлігінде екі шағын дөңгелек жапсырма және жоғары бағытталған жарты шар тәрізді бір жапсырма орналасқан. Дөңгелек жапсырмаларға саусақпен басу арқылы ойықтар түсірілген. Ыдыстың түбі дөңгелек. Үш аяғының іздері сақталған. Бетінің түсі біркелкі емес: қоңыр түсті, ал ыдыстың төменгі бөлігінде қара-сұр түсті бөліктер байқалады.

Мерзімделу кезеңі: VI-XII
Материал: Керамика
Техника: Пішіндеу
Өлшемі: Биіктігі - 20 см, ернеуінің диаметрі - 15,5 см, тұлғасының диаметрі - 26,5 см.
Санат: Археология
Scroll to Top