Торсық
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Торсық - көшпелі қазақ халқының дәстүрлі ыдыстарының бірі. Ол малдың иленген қалың терісінен жасалып, арнайы қалыпқа салып кептіріледі. Бұл торсық мүйізді торсық деп аталады. Торсыққа «қошқар мүйіз» оюы бедерленген. Сырты қызыл-қоңыр түске боялған, көркем ою-өрнектермен көмкерілген. Жоғарғы бөлігінде тығын салатын аузы бар, екі қапталында ілмек өткізуге арналған бау бекітілген. Торсықтың ішіне қымыз, айран, шұбат сияқты сусындар құйылып, ұзақ уақыт сақталған. Торсық көшпелі өмір салтында аса қажет бұйым болған.
Мерзімделу кезеңі:
2013 г.
Материал:
Былғары, Металл
Техника:
Аралас техника
Өлшемі:
высота - 45,5 см; диаметр «горла» - 5 см; диаметр «дна» - 13×10 см.