Куәлік Қаратал ауданының құрметті азаматы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«Қаратал ауданының Құрметті азаматы» төсбелгісі алтын түстес металдан жасалған. Төсбелгіде Қаратал ауданының шартты белгісі - тісті доңғалақ, бидай масағы, толқын бейнесі және қол алысу композициясы бедерленген. Жоғарғы бөлігінде көк түсті эмальмен «ҚАРАТАЛ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» деген жазуы бар аспа орналасқан. Төсбелгімен бірге куәлігі сақталған. Куәлікке сәйкес Нұрмашев Рүстем Иманбекұлына Қаратал аудандық мәслихатының ХХХ сессиясының №30-143 шешімімен «Қаратал ауданының Құрметті азаматы» атағы берілген. Құжат 2003 жылғы 30 тамызда рәсімделген.
Мерзімделу кезеңі:
2003 ж.
Материал:
Қағаз, Металл
Техника:
Басу
Өлшемі:
7 х 10 см, 6 х 3,5 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)