Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қаратал аудандық тарихи-өлкетану музейі

Қаратал тарихи өлкетану музейі Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы № 256 бұйрығына сәйкес құрылды. Қазіргі таңда 2024 жылдың 3 қаңтарынан бастап Жетісу обылыстық «Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің» филиалы «Қаратал тарихи-өлкетану музейі» болып қайта тіркелді.

Музейдің жалпы ауданы 2520 шаршы метрді құрайды. Жалпы қордың саны - 289 с.б., оның ішінде Негізгі қор -243, Ғылыми көмекші қор-46 экспонат бар. Жалпы музей төмендегідей экспозициялық залдардан тұрады. Олар: Қаратал ауданының өсімдіктер мен жануарлар әлемі, Археология залы, Этнография залы, Қазақ хандығы залы, 1868-1941 жылдар аралығындағы Қаратал ауданының тарихы залы, 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы залы, 1945-1991 жылдар аралығындағы Қаратал ауданы, Жазушы Кемел Тоқаевтың экспозициясы және ауданнан шыққан белгілі тұлғаларға арналған зал.

Қаратал ауданының флора мен фаунасы экспозицияларында Қаратал өңірінің геологиясынан бастап, палеонтологиясы, сондай-ақ қазіргі флорасы мен фаунасына дейінгі тақырыптарды қамтиды. Археологиязалының экспозициясы Қаратал ауданының археологиясына, өлкені мекендеген ежелгі халықтар - сақтардың, үйсіндердің, түркілердің тарихына арналған. Этнография залы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, дәстүрлі қолөнері, киім-кешегі мен әшекейлері және т.б. туралы мәлімет береді. Қазақ хандығының тарихына арналған экспозициялық комплексте Қазақ хандығының құрылуы, дамуы және Қаратал өңірімен байланысты тарихи оқиғалар туралы баяндайды. 1868-1941 жылдар аралығындағы Қаратал ауданының тарихи залы аудандағы Түрксіб темір жолының салынуына, Үштөбе стансасының құрылуына және Ұлы Отан соғысына дейінгі ауыл шаруашылығының дамуына арналған. Ұлы Отан соғысы залы 1941-1945жж. зал экспозициясы 1941-1945 жж. Қаратал ауданынан шыққан Ұлы Отан соғысының батырларына және тыл еңбеккерлеріне арналған. 1945-1991жылдардағы ауданның ауыл шаруашылығы саласында еңбектің ерен үлгісін танытқан 31 Социалистік Еңбек Ері туралы мәліметтер де қамтылған. Жазушы Кемел Тоқаевтың шығармашылығына арналған экспозициялық комплексте музейге келушілердің назарынан тыс қалмайды.

Музейдің құнды экспонаттарының қатарында, XVIII-XIX ғасырда өмір сүрген Тілеуқұл батырдың шапаны мен мөрі, топырақтанушы, академик Тілепбай Тазабековтың профессорлық мантиясы сондай-ақ, космонавт Айдын Айымбетовтың кителіде бар.

Қаратал тарихи-өлкетану музейі - ауданындағы тарихи-мәдени мұраны жинақтап, сақтап, насихаттап отырған мәдени-ағартушылық мекеме. Музейдің негізгі мақсаты - өлке тарихын, ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі мәдениеті мен тұрмысын, халықтың салт-дәстүрін, қолөнерін, еңбек және соғыс жылдарындағы ерліктерін жұртшылыққа таныстыру. Заманауи жабдықталған музей ғылыми-зерттеу, экспозициялық және ағартушылық қызметтерді жүзеге асырудағы толық әлеуетке ие.

Жұмыс уақыты 10:00 - 18:00
Билет құны 300 тг.
Мекенжайы Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Қонаев көшесі 7 а
Scroll to Top