№ 03883704 кәсіподақ билеті
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Құжат бірыңғай үлгідегі кәсіподақ билетінен тұрады және қара түсті, бетіне «КПСС» деген жазуы бедерленген былғары мұқабаға салынған. Билеттің ішкі беттерінде В. И. Лениннің барельефі және орыс, қазақ тілдеріндегі кәсіподақ атаулары орналасқан. Құжатта иесінің деректері: Сыдықов Қабиболла, 1934 жылы туған, кәсіподаққа 1950 жылғы 1 қыркүйекте қабылданғаны көрсетілген. Кәсібі мен құжатты берген ұйым туралы мәліметтер енгізілген. Билет жауапты тұлғалардың қолдарымен және 1969 жылғы 10 маусымдағы кәсіподақ комитетінің мөрімен расталған. Экспонат ғалым-әдебиетші Қабиболла Сыдықовтың еңбек және қоғамдық қызметінің кеңестік кезеңін сипаттайтын тарихи-мемориалдық дерек болып табылады.
Мерзімі: 1969 жылғы 10 маусым
Материалы: Қағаз, былғары
Техникасы: Типографиялық баспа, сиямен қолжазба, мөр басу
Өлшемі: 8 × 11,5 см