Хум
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Хумның денесі домалақ, екі шетінен сәл қысыңқы, тығыз қызыл балшықтан жасалған. Ернеуі жартылай төртбұрышты, ені - 4 см. Ернеуі денеге өткір түрде ауысып, кеңейген дене төменгі жағына қарай тарылып келеді. Хумның сыртқы беті мұқият тегістелген, дененің жоғарғы бөлігінде өрнек ойып салынған. Ернеуінің астында концентрлік шеңберлер мен олардың жанында толқынды сызықтар бар, одан төмен қарай бағытталған қазақтың ұлттық өрнегі «Қошқар мүйіз» бейнеленген. Өрнек дененің бүкіл айналасына симметриялы түрде ойылып, оған қарама қарсы орналасқан толқынды сызықтар қатар келіп өрнектелген. Сыртқы беті қызғылт ангобпен қалпына келтірілген, қоңыр дақтармен безендірілген.
Мерзімделу кезеңі:
X-XII вв.
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
h - 59,7 см., d венчика - 31 см., d тулова - 48 см., d дна - 21 см.
Санат:
Археология