Шырағдан тірегі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шырағдан тірегі жақсы иленген, тығыз ашық қоңыр түсті саздан жасалған, құрамында ұсақ құм бөлшектерінің аздаған қоспасы бар. Беті жасыл сыр қабатымен қапталған. Тірек бөлігінде шеттері ойылып жасалған, дөңгелекке жақын пішінді алаңша бар. Өрнегі өсімдік және зооморфтық сипатта. Төменгі бөлігінде «Қошқар мүйіз» өрнегі бейнеленген, оның үстінде бес жапырақты гүл орналасқан, ол төрт айша (жарты ай) бейнесімен қоршалған.
Мерзімделу кезеңі:
XI-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Жылтыр сырлау, Қалыптау, Пішіндеу
Өлшемі:
Ені - 4,5 см, ұзындығы - 4 см.
Санат:
Археология