Сынапкөзе
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сұр саздан жасалған сынапкөзе. Өте тар аузы бар, қысқа мойнының жиегі білікше тәрізді өрнектелген, қабырғасы қалың ыдыс. Денесі шар тәрізді, түбі сүйір пішінді, төменгі жағы диаметрі 1,9 см. болатын дөңгелек табанмен аяқталады. Бұйым массивті. Ыдыстың жоғарғы бөлігінде тік бағытта орналасқан үш жапсырма (қыр) бар. Олардың ортасы шырша бейнесіндегі өрнектелген өрнекпен әшекейленген. Ыдыстың беті күйемен жабылған.
Мерзімделу кезеңі:
X-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
Биіктігі - 14,4 см., мойын ұзындығы - 3,0 см., ернеу диаметрі - 3,0 см., тұлға диаметрі - 9,8 см., ауыз диаметрі - 1,0 см.
Санат:
Археология