Шырағдан тірегі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шырағдан тірегі жақсы иленген, тығыз ашық қоңыр түсті саздан жасалған, құрамында ұсақ құм бөлшектерінің аздаған қоспасы бар. Беті қоңыр түсті сыр қабатымен қапталған. Тірек бөлігінде гүл жапырағы тәрізді пішінді алаңша бар. Өрнегі өсімдік тектес, нәзік сабағы төрт ілмек түрінде шиырылып, ұштарында жапырақшалар түрінде ашылады.
Мерзімделу кезеңі:
XI-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Жылтыр сырлау, Қалыптау, Пішіндеу
Өлшемі:
Ені - 3,5 см, ұзындығы - 5 см.
Санат:
Археология