Сынапкөзе
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сұр саз балшықтан жасалған «балық» пішініндегі сынапкөзе. Қалың қабырғалы, мойыны аласа, аузы тар, ернеуі көмкерілген. Денесі шар тәрізді, түбі сүйір пішінді, төменгі жағы ұзындығы 8,0 см. болатын балықтың құйрығына ұқсас аяқпен аяқталады. Бұйым көлемді және ауыр. Ыдыс балық бейнесінде жасалған, оның барлық бөлшектері анық көрсетілген - көзі, қабыршағы, жүзбеқанаттары мен құйрығы. Жәдігер беті бай өрнекпен безендірілген: шырша тәрізді мөрленген, ойылған шеңберлер (қабыршақ тәрізді), көлбеу нүктелі сызықтар және үшбұрышты. Ыдыстың жоғарғы бөлігінде сақталған төрт тік жапсырма (шығыңқы) қабырға бар, олардың ұзындығы 10 см-ден 5 см-ге дейін, беттері шеңбер тәрізді ойықтармен әшекейленген.
Мерзімделу кезеңі:
X-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
Биіктігі - 33,3 см., мойын ұзындығы - 2,5 см., ернеу ұзындығы - 3,9 см., тұлға диаметрі - 13,8 см., ауыз диаметрі - 0,8 см.
Санат:
Археология