Үйсіндердің қыш көзесі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Балшықты күйдіру әдісімен жасалған керамикалық ыдыс. Басқұншы ауылынан табылған. Түсі сарғыш-қоңыр. Пішіні сопақша, төменгі бөлігі жұмырланып келген. Мойны жоғары қарай сәл жіңішкеріп, аузы кең ашылған. Сұйықтық құюға ыңғайлы етіп жасалған. Дәнді дақылдар мен сұйық заттарды сақтауға арналған.
Мерзімделу кезеңі:
б.з.д. III - б.з. II ғғ.
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
ұзындығы -14см, аузы d-35 см.
Санат:
Тұрмыстық бұйымдар