Қалың қабырғалы кесе
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Кесе төртбұрыш тәрізді пішінде. Сыртқы және ішкі беттері ашық түсті ангобпен қапталған. Ыдыс қалың қабырғалы, қол шарығында жасалған. Жиегі түзу, шеттері көлденең қимада сопақ пішінді. Түбі тегіс. Сыртқы қабырғасына жасыл түсті сыр ішінара жалатылған.
Мерзімделу кезеңі:
V-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
Биіктігі - 6,5 см., ернеу қабырғасының қалыңдығы - 2,0 см., ернеу диаметрі - 14,0 см., түп диаметрі - 6,0 см.
Санат:
Археология