Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Құмыра

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Құмыра тар мойынды, қызыл саздан жасалған, беті қызыл ангобпен қапталған, қолмен иленген. Мойыны созылыңқы, цилиндр пішінді, жан-жағына «айша» тәрізді ойықтары бар нәзік құйғышпен аяқталады, олардың астында үшбұрышты батырулар мен жапсырмалар орналасқан. Денесі алмұрт тәрізді, түбі жалпақ. Тік тұтқасы, көлденең қимасы сопақша, бір ұшы мойынының жоғарғы бөлігіне, екінші ұшы иық тұсына бекітілген. Тұтқасының жоғарғы бөлігінде домалақ шығыңқы жапсырма бар. Денесінде айналдыра жапсырма өрнектері, сызықтар мен шиыршықтар салынған.

Мерзімделу кезеңі: VI-XII ғғ.
Материал: Керамика
Техника: Пішіндеу
Өлшемі: Биіктігі - 29,5 см., түбінің диаметрі - 8,7 см., ернеуінің диаметрі - 4,8 см., тұтқасының ұзындығы - 12,0 см., тұлғасының диаметрі - 15 см., тұтқасының ені - 2,7 см.
Санат: Археология
Scroll to Top