Шырағданның аяқ бөлігі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шырағданның аяқ бөлігінің бөлігі негіз түрінде сақталған. Негізі тамшы тәрізді, сатылы пішінді (2,5×2,6 см), ал аяқ бөлігі екі буынды, көлденең қимасы қырлы. Аяқ бөлігінің жоғарғы жағында шырағдан негізімен жалғасатын тұсының бөлігі сақталған. Пішіні жануардың табанына ұқсайды. Беткі қабаты сыртқы және ішкі жағынан да мұқият өңделіп, тегістелген. Аяқ бөлігінің кеңейтілген тұсының ішкі жағында диаметрі 1,5 см. ойық бар.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII
Материал:
Қола
Техника:
Металл өңдеу
Өлшемі:
Биіктігі - 7,8 см, аяқшасының ені - 2,2 см.
Санат:
Археология