Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Барқыт

Түскиіз

Авторы: Илакова Мариям. 1877-1946 Қабырғаға ілінетін, дәстүрлі П тәрізді пішінде орындалған кестелі тұс кілем. Кілем беті күрделі өсімдік-гүлді өрнекпен әшекейленген.

Ауыспалы Қызыл Ту

Кеңес дәуіріндегі Ауыспалы Қызыл Ту, 1967 жылы КПСС ХХІІ съезі атындағы колхозға берілген. Қою қызыл барқыттан жасалып, шеттері алтын түсті

Құрақ кілемше

Құрақ кілемше. Қою фонда үш медальоны және өсімдік өрнегі бар тікбұрышты кілемше. Сәндік жиекпен көмкеріліп, шеттері құрақ тәсілімен орындалған.

Қамзол – әйелдің жеңсіз киімі

Қамзол – әйелдің жеңсіз киімі. Белі сәл қынамаланған, жеңсіз. Қызыл-қоңыр барқыттан тігілген, астары қызыл жібектен. Шеттері алтын түсті паршамен көмкеріліп,

Шынықап – кеселерге арналған бұйым

Шынықап – кеселерге арналған бұйым. Цилиндр пішінді. Картон негізі қара барқытпен қапталған. Бетіне түрлі түсті жіптермен өсімдік өрнегі кестеленген. Қақпағы

Алаша

Тұсалаша. Қызыл, сары, жасыл, сұр түсті иірілген жүн жіптерден сегіз қатар жолақтардан құрастырылып, тігілген алаша. Жолақтар бойында жасыл, қызыл түсті

Тұскілем

Былғары тұскілем. Өң беті қара былғарыдан, астары қоңыр киізден беттестіріле тігілген, кенересі қызыл барқытпен жұрындалған тұскілем. Табағына (ортасына) қосмүйіз, үшжапырақ

Түс киіз

Қара матаның бетіне бір – біріне ұқсас 10 дөңгелете салған өрнегі бар. Дөңгелектердің қапталдарында көк жіптің сыртынан жасыл, қызыл, ақ

Түскиіз

Түскиіз — қазақтың дәстүрлі кестелеу өнерімен безендірілген сәндік қабырға бұйымы бейнеленген. Бұйымның орталық бөлігі ромб тәрізді ұлттық ою-өрнектер симметриялы орналастырылған.

Scroll to Top