Домбыра
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Батыс Қазақстан Атырау облысы. Мерзімі: ХХ ғ. Халық шебері Уахап Нарешевтің домбырасы. Ағаштан, алмұрт пішінді жасалған. Капрон жилкадан екі шегі және пласмассадан тиегі бар. 13 пернеден тұрады. Қақпағында дыбыс шығаруға арналған ойық бар, ойықтың айналасы жұлдызша суретімен безендірілген. Қақпағының беті лакпен боялған. Басына жұлдызшаның суреті бейнеленіп, «СССР» деген жазу жазылған. Домбыраның жанына «Ленинге 100 жыл»» «1870-1970» және «Қазақ ССР-на 50 жыл» деген жазулар жазылған.
Материал:
Ағаш, Лак, Пластмасса
Техника:
Құрастыру, Өрнектеу
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдар жоқ