Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Домбыра

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Халық шебері Уахап Нарешевтің домбырасы. Ағаштан, алмұрт пішінді жасалған. Капрон жилкадан екі шегі және пласмассадан тиегі бар. 13 пернеден тұрады. Қақпағында дыбыс шығаруға арналған ойық бар, ойықтың айналасы жұлдызша суретімен безендірілген. Қақпағының беті лакпен боялған. Басына жұлдызшаның суреті бейнеленіп, «СССР» деген жазу жазылған. Домбыраның жанына «Ленинге 100 жыл»» «1870-1970» және «Қазақ ССР-на 50 жыл» деген жазулар жазылған. Батыс Қазақстан Атырау облысы.

Мерзімделу кезеңі: XX в.
Материал: Ағаш, Лак, Пластмасса
Техника: Жону, Құрастыру, Өрнектеу
Өлшемі: Гриф - 49 см, длина верхней деки - 43 см, ширина - 23 см.
Санат: Ағаш
Scroll to Top