Дүңгіршек
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Дүңгіршек-тұтас ағаштан ойылып жасалған, түбі тарлау, ернеуіне қарай кеңейе түскен тұрмыстық ыдыс. Негізінен сусын мен сұйық тағамдарды құюға және сақтауға арналған. Іші терең етіп шабылып, қабырғалары тік болып жасалған. Ыдыстың сыртқы ернеуіне айналдыра төрт қатар, сондай-ақ орта тұсы мен түбіне жіңішке бедерлі сызықтар түсірілген. Ыдыстың биіктігі- 18 см, ернеу диаметрі-11 см, ішкі тереңдігі-15 см.
Материал:
Ағаш
Санат:
Ағаш