Бұғы мүсіні
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұғы мүсіні (жақтау). Бұғы мүсіншесі, жеке-жеке құйылған екі жарты тілікшеден дәнекерленген. Нәзік әсем, шиыршық атып тұрған қалыптағы бұғының басы сәл көтеріңкі, дөңгелек көздері, тамшы тәрізді тұмсығы, аузы жарқырауық тастар қондырылатын ұяшықтармен айқындалған, ұзын құлақтары жымырайған, бұтақ тәрізді төрт салалы тармақты мүйізі сауырын жапқан, алдына қарай күрт иілген бір мүйізі бұғының тұмсығын жанағандай. Сауырының үстіне келтірілген мүйіздері екі тік түтікшемен бекітілген. Сауырының алдыңғы, артқы төмпешіктері бедерлене айқындалып жарқырауық тас қондырғылары - ұяшықтармен әсемделген, алдыңғы және артқы аяқтары белдік өткізілетін ұя - ойықты құрайды. Жалаулы ауылы, Райымбек ауданы, Алматы облысы. Кездейсоқ олжа, 1988 ж.