Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Күпі

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Күпі - түйенің жабағысын матаға бидайлай күсіп, жасыл паңбарқытпен тысталған ер адамның қыстық сырт киімі. Пішімі трапеция пошымды. Иық тігісі қиғаш түскен, қондырма жеңі ұзынынан үш бөлік барқыттан құралған. Орама жағалы және ол құндыз терісімен әдіптелген. Етегі мен алдыңғы өңірінің ішкі жағын айналдыра қаракөк матадан бұлық салынған. Оң жақ өңіріне ақжасыл пластмасса түйме қадаған. Музейге 1973 ж. Жұпар Тоғымбаевадан (керей) алынған.

Мерзімделу кезеңі: 1910 ж.
Материал: Барқыт, Жүн, Тері
Техника: Пішу, Сырып тігу, Тігу
Өлшемі: Жалпы ұзындығы - 96 см, жеңінің ұзындығы - 58 см, екі иіннің аралығы - 48 см, етегінің шалғайы - 242 см, өңірінің ені (етегінде) - 63 см.
Санат: Киім және кесте, Этнография
Scroll to Top