Қоржын
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қоржын - өң беті түкті етіп кілем тоқу тәсілімен тоқылған екі қалталы қанық қызыл түсті қоржын. Қалталарының орта тұсына «қаракөк» түсті шаршылы фонның бетіне «балдақ», өрнектерінен «айшық» тоқылып, ішіне сары түсті «жұлдызгүл» өрнегі салынған. Жиегіне ақ, қара-көк, сары түсті «омыртқа» және «ашамай» түріндегі өрнек айнала жүргізілген. Етегіне көп түсті (ақ, сары, қызыл, қара-көк) бидай және сары түсті «тіс» өрнегінен екі қатар жолақ тоқылып, күлтелі шашақ тағылған. Қалталарының ауызын ілмелеп байлауға арналған қоңыр түсті жұмыр өрім бау тағылған. Ұзына бойы екі шетіне қоңыр түсті жүн жіптен түксіз тоқылған жиек тігілген. Арқалығына сарғыш, көк, сұр түсті жіптерден жолақ жүргізілген. Арты түксіз етіп, тығыз тоқылған. 1989 ж. Алматы обл., Қаскелең ауд., тұрғыны У.Медетовадан алынған.