Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Кілем

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Түктi кiлем. Көліне өркен өрнектерінен үш шаршы өрнек терілген, екі суы, бір қорғаны бар, екі шеті шашақты қызыл кілем. Шаршыны айнала қара, сары және жасыл түсті екі қатар алақұрт өрнегінен тұратын сумен үшкілдене жиектелген. Қолтықшаларына үш қатар етіп сынықмүйіз, қосмүйіз өрнектері үшкілдене салынған. Сол жағының жоғарғы бұрышына: «Конратбаева Раһима 1956 ж» деген жазу тоқылған. Жиегіне итқұйрық өрнегінен сары түсті екі қатар су жүргізіліп, арасындағы қорғанына шаршы, қосмүйіз өрнегі айнала тізбектелген. Кілемнің ұзына бойы екі кенересі қоңыр түсті жүн жіптен түксіз тоқылған. Екі шетіне қоңыр, сары, қызыл түсті жүн жіптерден жолақ жүргізіле түксіз тоқылып, екі шетіне желі жібінен шашақ шығарылған. Қызылорда облысы.

Мерзімделу кезеңі: ХХ ғ. ортасы.
Материал: Жүн
Техника: Өрмек тоқу
Өлшемі: 197х331 см.
Санат: Кілем-киіз бұйымдары, Этнография
Scroll to Top