Хат конвертімен
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Үндістанның Премьер-министрі Индира Гандиден Қазақ КСР-іне жіберілген тарихи хат пен оның конверті. Хатта Индира Ганди өзінің құрметіне есімі берілген кішкентай Индираның фотосуреттері үшін алғыс айтып, оның отбасына ізгі тілегін білдірген.
Конверттің жоғарғы оң жақ бұрышында Үндістанның бірнеше пошта маркасы жапсырылған. Конверттің ортасында «AIR MAIL» деген және оның бетінде сиямен жазылған қосымша жазбалары бар. Хат мәтіні машинкамен ағылшын тілінде басылған.
Алушы: Күлән Алдабергенова. Алушының мекен жайы: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Куйбышев көшесі, 112. Күні: 27 тамыз, 1970 жыл. Мекен: Дели.
Мерзімделу кезеңі:
1970 ж.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
письмо - 14,8 × 20,8 см; конверт - 16 × 11,7 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)