Тиын (Түргеш қағанаты)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Дөңгелек пішінді монета, ортасында шаршы тәрізді тесік бар. Аверсінде соғды тіліндегі «bүу twrkys ү’ү’n pny» деген жазу орналасқан (Смирнова, 1981). Реверсінде тұргештердің таңбасы бейнеленген. Бейнелер мен жазулар бедерлі түрде орындалған. Монетаның беткі қабаты қоңыр-жасыл түсті патинамен қапталған. Коррозия іздері байқалады, бедерлі бейнелердің кейбір бөліктері тегістелген.
Мерзімделу кезеңі:
VIII
Материал:
Мыс
Техника:
Құю
Өлшемі:
Диаметрі - 23,5 мм. Тесігінің диаметрі - 5 мм.
Санат:
Нумизматика