Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Құмыра

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Жапсырма. Өрнектелген. Тік, ілмек тәрізді тұтқасы бар, көлденең қимасы сопақша. Биік мойны, орта тұсында кеңейіп, түбіне қарай күрт тарылатын бүйірі бар. Тұтқаның үстінде кішкентай цилиндр тәрізді жалпақ жапсырма бар. Мойнының тұтқасына қарама-қарсы жағында шыңдары бір-біріне бағытталған қисық доға тәрізді фигуралар орналасқан. Мойнының төменгі жағында сопақша және үшбұрышты ойықтармен толтырылған домалақ жалпақ жолақ бар. Сол сияқты жалпақ жолақ тегіс бетте, дене иығында да орын алған. Бүйірдің жоғарғы бөлігі ұқыпсыз салынып, қосарланған тік бағыттағы S-тәрізді фигуралармен жабылған. Олар бір-біріне тығыз орналасып, алдында 2-3 домалақ ойықтардан құралған қысқа тік сызық түзеді. Тұтқаның негізінде ұзынырақ сопақша ойық бар.

Мерзімделу кезеңі: VI-XII
Материал: Керамика
Техника: Пішіндеу
Өлшемі: Сақталған бөлігінің биіктігі - 17 см, мойнының диаметрі - 3,5 см, тұлғасының диаметрі - 13 см, түбінің диаметрі - 8 см.
Санат: Археология
Scroll to Top