Шәйнек
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қолшарықта жасалған. Өрнексіз. Тік, көлденең қимасы сопақша тұтқасы бар. Биік мойны, орта тұсында кеңейіп, түбіне қарай күрт тарылатын бүйірі бар. Түбі - сақина тәрізді тұғырда орналасқан. Ернеу жиегінің қиындысы - жалпақ. Бүйірінің екі жағына қара бояумен кең, ұқыпсыз жағылған дақтар салынған.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
Биіктігі - 15 см, ернеуінің диаметрі - 4 см, мойнының диаметрі - 3,5 см, тұлғасының диаметрі - 10,5 см, түбінің диаметрі - 5,5 см, шүмегінің диаметрі - 2 см.
Санат:
Археология