Жапсырма
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Белгісіз бұйымның құс бейнесіндегі қаптамасы. Алдыңғысына ұқсас мүсінше. Өлшемдері сәйкес болғанымен, кейбір айырмашылықтары бар. Басы кішірек, мойны жіңішкелеу, артқы бөлігі негізі тарлау. Шеңбердің ішкі бетін толтырып тұрған бейне анығырақ, қиғаш және көлденең сызықтардан тұрады. Құйрықтың түбінде 2 доға тәрізді сызық бар. Артқы қауырсындары орталықтың екі жағында қиғаш орналасқан сызықтар арқылы көрсетілген.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII
Материал:
Қола
Техника:
Құю
Өлшемі:
Денесінің ұзындығы - 32 мм, мүсіншенің биіктігі - 32 мм, шеңбердің диаметрі - 11 мм, құйрығының ені - 15 мм, кеуде тұсындағы қалыңдығы - 7 мм, құйрығының қалыңдығы - 3,5 мм.
Санат:
Археология