Көзе
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Өрнектелмеген. Алмұрт тәрізді пішіндегі құмыра. Мойнының түбінің екі жағында ілмек тәрізді тұтқалар орналасқан. Мойнының жоғарғы бөлігі мен ернеуі болжамды түрде қалпына келтірілген. Тек мойнының қабырғалары түзу, жоғары қарай сәл тарылғанын, ал корпусының жоғарғы бөлігінде кеңейіп, түбіне қарай біртіндеп тарылатынын айтуға болады. Бетінің түсі біркелкі емес: қоңыр және қою қоңыр түсті ангобпен қапталған.
Мерзімделу кезеңі:
Х-ХІІ
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
Биіктігі - 15,5 см, мойнының диаметрі - 11 см, тұлғасының диаметрі - 14,5 см, түбінің диаметрі - 8,5 см.
Санат:
Археология